Шардаралықтар «Еңбек» бағдарламасының шарапатын көріп отыр

Шардара ауданының тұрғыны Бауыржан Әліпбаев «Атаулы әлеуметтік көмек» жобасы аясында жеке кәсібін ашты. Бұған дейін егін шаруашылығымен айналысқан ол, бүгінде мемлекеттік бағдарламаның арқасында грант ұтып алып, дәнекерлеуші жұмысын да қолға алған. Б.Әліпбаев табысының аз болуына байланысты көптен бері ойдағы жоспарларын іске асыра алмай келе жатқанын және қазір мол мүмкіндікке ие болғанын айтады.

6b9cdb8a-ffb5-4968-9997-b0321bdc6c50.jpg

«Еңбек» бағдарламасымен 3 ай дәнекерлеуші мамандығын оқыдым. Сосын жаңа кәсіп бастаушы азаматтарға арналған грант арқылы 505 мың теңге ұтып алып, сол қаржыға дәнекерлеу ісіне қажетті кемпи, аргон, инверторлы металды балқытып біріктіретін аппараттар сатып алдым. Бүгінде ауылда сынған көліктер мен түрлі техникаларды жөндеумен айналысып жүрмін. Осындай іс бастауыма мемлекеттік бағдарламаның көмегі мол болды», – дейді Б.Әліпбаев.

Б.Әліпбаев жаңа іс бастағалы табысының еселеп артқанын айтады. Ендігі оның жоспары – қорғанға арналған қақпа жасайтын цех ашып, кәсібін кеңейту. Ол бұдан бөлек, ауласындағы жылыжайға қарбыз көшеттерін өсіріп, сатумен де айналысады.

Айта кетейік, Шардара ауданы бойынша 2019 жылы 3559 отбасыға қаржылай атаулы әлеуметтік көмек берілген. Оның ішінде 2776-ы ірі қара малын, 432 отбасы уақ мал асырауды қолға алса, 54 жанұя әртүрлі бағытта өздерінің жеке кәсіптерін ашқан. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың ішінен еңбекке қабілетті отбасы мүшелері «Еңбек» бағдарламасының шеңберінде 84 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға, 50 адам әлеуметтік жұмысқа, 19 адам қоғамдық жұмысқа, 1597 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер