​Тәулігіне 30 тонна сүт өңдейтін цех жұмыс істеуде

image.png

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына, оның ішінде еңбек өнімділігі мен тауар экспорттауға үлкен мән беру керек деген болатын. Өндіріс көлемін ұлғайтып сапалы өнім шығару ісі Түркістан облысында күн тәртіюінен түскен емес. 

Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтбаев елді мекенінде сүт өнімдерін өндіретін "МЕДЕТ СҮТ" ЖШС жұмыс істеуде. Аталмыш цех 1 тәулікте 30 тоннаға дейін сүтті өңдей алады.

Қазіргі таңда күніне 3-5 тонна аралығында сүтті өңдеп одан ірімшік, қаймақ, айран, сияқты 20 түрлі өнім өндіруде. Кәсіпорын басшысы Ғалым Олжабаевтың айтуынша, алдағы уақытта өнім көлемін арттырып, өнім түрін 25-ке дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда сүт өнімдері ішкі нарықты толықтай қамтып отыр.

Жиырмаға тарта жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Медет Сүт» ЖШС бүгінде өз қаржысымен ашылғанымен, алдағы уақытта өндірістік қуаттылығын арттыру үшін қосымша қаржыландыруды қажет етеді. Бұл мақсатта тиісті жұмыстар жүргізіліп, аталмыш кәсіпорын қаржы ұйымдарына құжаттар тапсырған. Қайта өңдеуге қажетті сүтпен қамтамасыз ету мақсатында тауарлы сүт фермасының екінші кезеңінің құрылысын жүргізіп, іске қосуды жоспарлап отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер