Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген елді индустрияландырудың негізгі экономикалық күші - ең алдымен, елдегі инновациялық жобаларға негізделген инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыстарды жандандыру. Бұл бағытта Түркістан облысында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Солардың бірі ауа райы ыстық аймақтың бірі болып саналатын Шәуілдірде артық шығынды талап етпейтін электр тогы өндіру.
Түркістан облысына шетелдік инвесторлардың да қызығушылығы жоғары. Себебі, өңірде инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
Италиялық ENI халықаралық энергетикалық корпорациясының еншілес компаниясы «ArmWind» басшылары Отырар ауданында қуаттылығы 50 МВт құрайтын күннен қуат алатын электр стансасының құрылысын салмақ.
Шетелдік инвесторлардың айтуынша, жобаның құрылысы 2021 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда.
Жалпы, Қазақстанда «ENI» корпорациясының «ArmWind» еншілес компаниясы елімізде жұмыс істеген екі жылдың ішінде жалпы қуаттылығы 150 МВт болатын ірі үш жобаны табысты жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда компания жасыл технологияларды қолдана отырып жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы Қазақстан экономикасын декарбонизациялауға сәтті үлес қосып келеді.
Айта кетейік, 1992 жылдан бастап ENI Қазақстанға 15 млрд. АҚШ доллардан астам инвестиция салған.
2 миллионнан астам халқы бар өңірде жүзеге асатын күн эгнергиясы жобасыда облыс үшін тиімді болары сөзсіз.