«Мейірімді ауылдастар» челленджі бастау алды

 image.png

Коронавирус инфекциясының кең таралуының алдын алу үшін ел аумағында төтенше жағдай жарияланып, көптеген салалар мен адамдардың жүріс-тұрыстарына шектеулер қойылды. Осыған орай, түркістандықтар облыс аумағында тұратын қарт кісілер мен тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға азық-түлік, керек-жарақтарын алып беріп, көмек қолдарын созуда.

«Мейірімді ауылдастар» челленджі аясында атқарылып жатқан қайырымдылық шараларына кәсіпкерлер, еріктілермен қатар аудан, қалалардың белсенді жастары атсалысуда.

Атап айтқанда, Отырар ауданының ерікті жастары жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп 5 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етіп, үй шаруаларына көмектесті. Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудан аумағындағы қарт кісілерге медициналық құрал-жабдықтар мен бір реттік азық-түліктер жеткізілді. Бәйдібек ауданының кәсіпкерлері елдімекендердегі әлеуметтік аз қамтылған 300 отбасыға 17,5 тонна ұн мен 1.75 тонна күріш, 1.75 тонна өсімдік майын таратуда.

"Қиын кезеңде біз сияқты қариялар мен мұқтаж отбасыларға қол ұшын созу - азаматтық іс. Бұл - бірліктің айқын көрінісі", деген Қазығұрт ауданының ақсақалы Алиев Сатыбалды қайырымды жандарға алғысын білдірді.

Бұл челлендж облыстың барлық аудан, қалаларында жалғасын тауып, халықтың қиын кезеңнен аман-есен өтуіне оң ықпалын тигізуде.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда қытайлық тәжірибе қолданылады
  • Түркістан: Бес айда 614,2 миллиард теңге инвестиция тартылды
  • Түркістан: Жыл басына бері кәсіпкерлік жобалардың 78-і іске қосылды
  • Қытай кәсіпкерлері Түркістанның инвестициялық тартымдылығын жоғары бағалады
  • Түркістан делегациясы Қытайда келіссөздер жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер