Сарыағаштық шаруалар 500 тонна азық-түлік экспорттады

 image.png

Сарыағаш ауданының дихандары көршілес елдерге 500 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдерін экспорттап үлгерген. Бүгінге дейін ауданның тауар өндірушілері Ресейге 60 тонна азық-түлік өнімдерін экспорттады. Атап айтқанда, Жартытөбе ауылдық округінің шаруалары 22 тонна қырыққабат, 18 тонна көкөніс және 20 тонна қияр мен қызанақ өнімдерін жөнелтті.

Ауданда күніне жүздеген келі өнім жиналуда. Бұл елімізден бөлек көршілес елдерге азық-түлік тауарларын шығаруға жететінін айтады аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы. Қазіргі таңда дайын өнімдер республикамыздың солтүстік өңірлері мен ТМД елдеріне, және алыс жақын шет елдерге экспортқа шығарылуда. Алдағы уақытта ауданда экспорт көлемін ұлғайтуға байланысты тиісті шаруалар атқарылуда.

Айта кетейік, жыл басынан бері ауданда жоспарға сәйкес 140 га жерге тамшылатып суару тәсілі ендірілді. 12 гектарға жылыжай көлемі ұлғайды.

Бір алқаптан 2-3 өнім алу жоспары 92 бірлік болса, жыл басынан жоспардың орындалуы 399 - бірлікке немесе 917,59 га орындалды. 2020 жылы жалпы астықтан 75,0 мың тонна, майлы дақылдан 2,05 мың тонна, картоптан 80,5 мың тонна, көкөністен 275,7 мың тонна, жеміс-жидектен 14,7 мың тонна және жүзімнен 9,6 мың тонна өнім жинау көзделуде.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер