Қызметтерді цифрландыру - басым міндет

 image.png

ҚР Президентінің барлық қызметтерді цифрландыру жөніндегі тапсырмасы Түркістан облысында қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Барлық ұйымдарда POS-терминалдар орнатылып, азаматтардың өздеріне қызмет көрсету мүмкіндігі кеңейген.

Түркістан облысында 141 000 шағын орта бизнес субъектілері бар. Кәсіпкерлер саны жағынан оңтүстік өңірі ел көлемінде екінші орында тұр. Барлық кәсіпкерлік нысандардың POS-терминалдармен толық қамтамасыз етілуі талап етіліп отыр. 

POS-терминалдарсыз жұмыс істеуге тура келетін жағдайлардың бірқатар себептері бар. Мәселен, банктердің өтінішті ресімдеу және терминалдарды жеткізу мерзімі 2 аптадан 2 айға дейін созылуы немесе 1-ден 3% - ға дейін жоғары комиссиялық тарифтер кәсіпкерлер үшін тиімсіз болған жағдайда, өйткені банк сенімділігіне қарай тұтынушылар түрлі санатта болуы мүмкін.

«Дегенмен төтенше жағдай кезінде цифрландыру жүйесінің жоғары деңгейде болғаны халықтың қауіпсіздігі үшін аса маңызды болып отыр. Сондықтан, бекітілген «Жол картасына» сәйкес  мемлекетке ведомстволық бағынысты коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдар, балабақшалар, мектептер, қоғамдық орындар секілді  мекемелер басым түрде цифрландырылатын болады. Халық үшін жайлылық жасау біздің басты міндетіміз»,-деді облыс әкімінің орынбасары М. Мырзалиев.

Бүгінде жауапты сала басшыларына цифрландыру бағытында жұмысты күшейту керек. Себебі, қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жүйесін енгізу тұтынушылармен өзара қарым-қатынасты жеңілдетуге ықпал етеді.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер