Ордабасылықтар Мақтааралдықтарға көмек жіберді

Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданының тұрғындарына Ордабасы ауданының кәсіпкерлері қол көмегін созып жалпы құны 2 млн 10 мың теңге көлемінде 5 тонна гуманитарлық көмегін көрсетті. Оның ішінде азық-түлік, шұжық, құс еті, сүт, ұн өнімдері, көкөніс, гигиеналық заттар және медициналық бетперде де бар. 

f155581b-16d6-4e95-b2e9-c795d5393821.jpg

Еліміздегі барлық облыстармен Түркістан облысына қарасты аудандарда қарап қалмай ауыз біршілігін көрсетіп көмектесуде. Бірлігі жарасқан ел екеніміз, бауырмалдылық қазақ ұлтының қанынан дарығандығы осы бір оқиға айқындап берсе керек. Бастарына қиын қыстау кезде демеу болып жатқан жұртшылықтың бір ғана арманы елдің тыныштығы мен амандығы. 

Және де сонымен қатар ауданның ерікті жастарыда атсалысып жанашырлық білдіріп, төтенше жағдай орын алған аудан тұрғындарына өз қаражат есебінен керекті гигиеналық заттарын таратты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда жаңа пәтерлер пайдалануға беріледі
  • Сарыағаш индустриалдық аймағы: Шикізаттан дайын өнімге дейін
  • Түркістанда гүл өсіру өнеркәсіптік деңгейге көтерілмек
  • Түркістан облысында жаңа өндірістік жобалар қолға алынуда
  • Ауыз су: Ендігі міндет қызмет сапасын көтеру
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер