Мақтаарал: Жұмыс қарқыны жұмысшы топтың қадағалауында

Апат салдарымен күресте жұмысшы топ қарқынды жұмыс атқаруда. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов бастаған мамандар Мақтаарал ауданындағы су басқан аймақтардағы залалсыздандыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын қатаң бақылауға алған. Фирдауси ауылындағы жалпы орта мектептің жертөлесі мен мектеп ауласын судан тазарту жұмыстарын тексерген топ ауылдардағы су басқан аулаларды тазарту жұмыстарына да қатысты. Сонымен қатар, жұмыс барысында Өргебас және Жеңіс ауылдарындағы егістік алқаптарды судан босату жұмыстары талқыланды. 

a0dcd9cc-9df4-4504-bd2d-582749a71534.jpg

Қазіргі таңда Нұрлыжол, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Достық және Жеңіс ауылдарынан жалпы 8 455 м3 су шығарылған. Нәтижесінде Жаңатұрмыс ауылында су деңгейі 32 см төмендеп 50 сантиметрді, Жеңіс ауылында 3 см кеміп 50 сантиметрді, Фирдауси ауылында 4 см төмендеп 44 сантиметрді, Өргебас ауылында су деңгейі 10 см құраса, Достық ауылында су 4 см кеміп 44 сантиметр деңгейінде қалып отыр. 

Су басқан ауылдарда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 1626 адам, 17 дана қайық, 324 бірлік техника, 217 дана су сорғылар жұмылдырылып отыр. 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер