Кентауда полиэтиленді құбыр шығарыла бастады

image.png

Жаңа өндірістерді қалыптастырудың маңызды бір шарты – индустриалды-инновациялық жүйені қамтамасыз ету. Сол себепті үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде өндіріс қуаттарын еселеу айрықша маңызға ие. Мемлекет басшысының жолдауында индустриалды-инновациялық даму, шағын және орта кәсіпті, агроөнеркәсіптік кешенді, білім мен ғылымды өркендету басымдыққа ие екендігі сөзсіз.

Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру барысында Кентау қаласында «АБН Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің полиэтиленді құбыр шығаратын цехы іске қосылды. Жобалық құны 600 млн теңге болатын цех жылына 1500 тонна құбыр шығаруға қауқарлы.

Жаңа қосылған кәсіпорында бүгінде 50 адам жұмыспен қамтылған. Бұрынғы «бетонзавод» ғимаратын сатып алып, құрал-жабдықтар орната цехты іске қосқан серіктестік алдағы уақытта тағы бір жобаны жүзеге асырмақ. Нақтырақ айтсақ, аталған ғимараттың ішінде радиатор шығару цехын іске қосу жоспарлануда. Жобаның құны - 1 млрд 200 млн теңге. Жоба толық іске асса, жылына 600 мың дана радиатор шығарылады деп күтілуде. Мұнда да 50 адам жұмыспен қамтылады.

Бұдан бөлек, темірбетон шығару цехын ашу да алдағы күннің еншісіндегі шаруа. Жобаның құны 200 млн теңге. Кәсіпорында жылына 13 500 мың дана темірбетон шығарылмақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер