Өтініштер онлайн қабылдануда

image.png

Бүгінде елімізде  цифрландыру жүйесін дамытуға басымдық беріліп келеді. Халыққа қызмет көрсету ісі де сандық техгологиялар арқылы жүзеге асып жатыр.

Кентау қаласында сәуір айынан бастап бүгінгі күнге күнге дейін, «Е-халық» ақпараттық жүйесімен 549 отбасынан өтініш қабылданған. Оның 199 қаладан, 350 өтініш ауыл округтерінен келген. 493 құжат бөліммен тексеріліп, 422 өтінішке 126 156 мың теңге көмек тағайындалды. 71 құжаттың заңға сәйкес келмеуіне байланысты, түрлі себептермен бас тартылған. 22 құжат учаскелік комиссияның қарауына жіберіліпті.

Бұл жайында Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Айтбаев айтып өтті.

Жалпы 2020 жылдың II тоқсанына 1609 отбасына қаржы тағайындалып, 1266 адамға төленген. Кепілдендірілген әлеуметтік топтама бойынша 1-3 жас аралығындағы 705 балаға 3320,6 теңге, 3-6 жас аралығындағы 980 балаларға 4615,8 теңге азық-түлік жиынтығы, 1-6 жас аралығындағы 1685 балаға 2992,56 теңге гигиеналық жиынтыққа сұраныс жолданып, КӘП бойынша мемлекеттікк сатып алуда түзілетін келісім-шарт жасасып, аптаның ішінде «Magnum Cash Carry» ЖШС-і арқылы жеткізілетін болады.

«Қамқорлық» бағдарламасы бойынша 143 отбасы таңдалып алынды. Оның ішінде зерделеу барысында 51 отбасының әл-ауқаты орташа, 73 отбасы нашар деп бағаланған. Бұл отбасыларға көмек көрсетілген. 15 отбасы жұмыспен қамтылды.

Кентау қаласы бойынша тұрмысы төмен аз қамтылған отбасылардың тізімі «Мейірім kz» порталында және қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды. Оның ішінде 754 қала, 169 ауыл тұрғындары бар. «Мейірім» қайырымдылық қорымен келісім-шарт түзіліп, «Мейірім kz» порталына аз қамтамасыз етілген 124 отбасы енгізілген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер