Ордабасыда мұнай-химия комбинаты салынады

image.png

Түркістан облысы Ордабасы ауданында мұнайды терең өңдеу арқылы мұнай-химия және көмірхимиялық комбинат өнімдері алынатын екі жоба жүзеге асырылады.

«Standart Petroleum & Co» ЖШС жүзеге асырғалы отырған мұнай-химия комбинатын салу жобасына жалпы соммасы 95 млрд теңге инвестиция тарту және 800-ден астам жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады. Инвестициялық құны шамамен 11,15 млрд теңге болатын жобаның бірінші кезеңін іске асыру жұмыстары күзде басталады.

Кәсіпорынның өнім шығару қуаттылығы жылына 1 млн тоннаға дейін дайын өнімді құрайды. Осыншама қуаттылықта өнім шығаратын екінші кезеңін 2021 жылы іске асыру жоспарланған. Жобаны жүзеге асырушылардың мәлімдеуінше, бұл елімізде салынатын алғашқы мұнай-химия комбинаты болмақ. Яғни, мұнда АИ-92, АИ-95 маркалы бензинді өндіруден басқа, мұнайды терең өңдеу арқылы мұнай-химия өнімдері алынады. Сондай-ақ, кәсіпорында қуаты сағатына 35 мВт электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр. Өндіріс орнының өз қажеттілігін осылайша қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарыққа да шығаруға мүмкіндік жасалады.

Сарапшылардың айтуынша, жобада мұнайды терең өңдеудің ерекше технологиялары қолданылатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер