Ордабасыда тас көмірді қайта өңделеді

image.png

Мемлекетіміздің даму стратегиясындағы инновациялық бағыт – бұл ұрпақ үлесін ғасырлар қойнауына апаратын сара жол. Инновация дегеніміз – жаңалықтарды іске асыра отырып, жасалынып жатқан үдерістер мен өнімдердің сапасын арттырып, оларды нарық үшін бәсекеге қабілетті ету болып табылады. Осы бағытта бүгінде елімізде ауқымды жобалар жүзеге асуда.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Ордабасы ауданына жасаған жұмыс сапары барысында «Стандарт Ресурсис» ЖШС көмірхимиялық комбинатында болды. Аталмыш жоба аясында 1,5 млрд теңге инвестиция салынып, 60 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Зауытта жыл сайын 30 мың тоннаға дейін тас көмірді қайта өңдеуге болады. Жобаның бірегейлігі - Еуро 5 стандартты АИ-92 және АИ-95 маркалы пеш және мотор отынын өндіруге, түрлі майлар мен құрылыс саласына арналған материалдарды шығаруға мүмкіндік береді. Ал, жобаны ресми іске қосу ағымдағы жылдың маусым айына белгіленген. Аталған жобалардың негізгі мердігері-мұнай химиясы саласындағы нарық көшбасшыларының бірі болып табылатын ресейлік «ЭТН Циклон» компаниясы.

Аталмыш жобалар кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында «Turkistan Invest» Экспорт және инвестиция тарту жөніндегі аймақтық агенттігі» ЖШС қолдауымен жүзеге асырылуда. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер