Ауыл шаруашылығы техникасын жинау жобасы жүзеге асырылады

image.png

Түркістан облысының әкімдігі мен «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ және «Orbis Kazakhstan» компаниялары арасында ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жобасын жүзеге асыру аясында инвестициялық келісім мен жол картасына қол қойылды. Көрші мемлекет өкілдерін аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев қабылдады.

Өзбекстанның «Узагротехсаноатхолдинг» мемлекеттік компаниясы қазақстандық «Orbis Kazakhstan» компаниясымен бірлескен жобаны «Turkistan» индустриалды аймағындағы «Brownfield» өндірістік алаңында жүзеге асыруға ниетті.

Жобаны 3 кезеңде іске асыру жоспарланып отыр. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 12 млн.АҚШ долларын құрайды. Жоба толық қанды іске көшкенде100-ге жуық жұмыс орны ашылады.

Инвесторлар кең қолданысқа ие болатын ауыл шаруашылығы техникаларын өндіруді жоспарлауда. Мәселен, әмбебап-жер айдау тракторы, мақта шаруашалығына арналған трактор, олардың тіркемелері мен роторлы орақтар, су бүрку желдеткіштері, соқа және басқа да техникаларын құрастыру көзделген.

Сонымен қатар, «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ қазақстандық мамандарды оқыту мен біліктілігін арттыруды, техникалық персонал үшін тәжірибелік тренингтер жүргізуді өз мойнына алып отыр.

Ал, отандық «Orbis Kazakhstan» компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында ауыл шаруашылығы техникасын сату үшін дилерлік және сервистік желіні дамытатын болады.

«Turkistan Invest» тарапынан инвестормен жобаны одан әрі іске асыру үшін қажетті ақпарат алмасу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер