Түлкібастық еріктілер ерледі

e5563c31f7fb0fcc7f6757ab182a96a4.png

Бүгінде еліміз кең етек жайған қауіпті індетпен жүмыла күресуде. Кәсіпкерлер мен еріктілер де атсалысып жатыр. Мәселен түлкібастық еріктілер жанашырлық танытып аудандағы ауруханаларға оттегі балондарын тегін жеткізуде. 

Соңғы бір аптаның ішінде Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен аудандық ауруханаға демеушілер мен ерікті тұрғындар есебінен 210 дана оттегі балондары жеткізілді. Сондай-ақ, ол балондардың оттегісі таусылған жағдайда Шымкент қаласындағы оттегі құю бекетінен толтырып келу үшін аудан әкімдігі тарапынан автокөлік тәулік бойы қызмет етуде. 

Алдағы күндері еріктілер тарапынан ауруханаға тыныс алу құрылғылары да жеткізілу жоспарлануда. Сонымен қатар, барлық ауылдық округ, кент әкімдері өздерінің қызметтік көліктері мен жүргізушілерін ақ халатты абзал жандарға беріп, бүгінде 17 көлікпен бригадалар үйлерінде сырқаттанып жатқан тұрғындарды үйме-үй аралап ем домдарын жасауда. Осылайша Түлкібас ауданында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен жаман індеттің алдын алу мақсатында жүйелі шаралар іске асуда.

Жалпы Түркістан облысында еріктілердің бастамасымен көптеген игі істер атқарылып жатыр. Мәселен жуырда сайрамдық еріктілердің мұрындық болуымен жергілікті кәсіпкерлердің қаражатымен ауруханаларға жасанды тыныс алдыру аппараттары тапсырылды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер