Түркістанда дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар

005.jpg

Бүгін Түркістан қаласына көршілес Өзбекстан Республикасынан 100 млн теңгеге 142 мың қорап дәрі келді. Олардың арасында «Аскорбин қышқылының инъекцияға арналған ерітіндісі» – 1 млн 420 мың құты, «Дексаметазон инъекцияға арналған ампулалары» – 100 мың дана, «Аспарин» – 30 мың құты. 

Аталған дәрі-дәрмектердің бәрі де дәл қазіргі уақытта сұранысы өте жоғары препараттар саналады. Препараттарды қабылдап алу шарасына облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы М.Пашимов, сондай-ақ, қалалық емханалардың бас дәрігерлері қатысты.

«Бүгін көршілес мемлекеттен облыстағы науқастарға пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек қоры келіп отыр. Бұл облыстағы медициналық ұйымдарға, қалғаны дәріханаларға таратылатын болады. Келген жүк 2 айға дейін облыстағы науқастарға жетеді. Алдағы апта Туркия елінен қосымша тағы дәрі-дәрмек қоры келеді. Жалпы облыс әкімдігі халықты қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 500 млн қаражат бөлініп отыр», - деді басқарма басшысы Марат Орынбасарұлы.

Қолға алынған шаралардың нәтижесінде соңғы күндері өңірде дәрі-дәрмек тапшылығы жойылып, жағдай қалыпқа түсе бастады. Облыста дәрі-дәрмектің бағасын бақылайтын арнайы штаб құрылған. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер