Дәрі дәрігердің рецептімен беріледі

011.jpg


Түркістан облысы Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Сапар Жантөреев, Шардара ауданы бойынша дәрілік заттардың өткізілуі және шекті бағаның сақталуына мониторинг жүргізу жөніндегі штаб мүшелерімен бірге дәріханаларды аралады. Бұл туралы Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Дәріханаларда дәрілік заттардың қолжетімділігін, шекті бағадан жоғары өткізу фактілерін, заңсыз саудалау және түбіртексіз өткізу деректерін қарады.

Аралау барысында аудан басшысы дәріхана иелеріне арнайы бекітілген дәрі-дәрмектерді тек рецептімен босатуды, 1 азаматқа белгіленген дәрілерді 2 данадан артық сатпауды, Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен шекті бағаларды сату барысында қатаң сақтауды және маскалық режимді үнемі бақылауда ұстауды айтты.

Сондай-ақ, аудан әкімі штаб мүшелеріне анықталған кемшіліктер бойынша заңға сәйкес тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды. Сонымен қатар, дәріхана иелеріне Түркістан облысы бойынша дәріханаларда дәрі-дәрмек бағасының көтерілу дерегі тіркелген жағдайда кез-келген тұтынушы шағым түсіре алатындығы түсіндірілді.

Жалпы Түркістан облысында қолға алынған шаралардың нәтижесінде дәрі-дәрмек тапшылығы жойылды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер