300 литр саумал-қымыз таратылды

002.jpg

Қазіргі таңда елімізде пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай барлығымызға белгілі. Жағдайдың тұрақталуы үшін індет қарсы бірлескен күрес жүріп жатыр. Қазіргі таңда ерікті жастар да барынша көмек көрсетіп өз үлестерін қосуда.

Осы ретте Төлеби ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан ауруханаларындағы ем алушылар үшін 300 литр саумал-қымыз үлестірілді. Аурухана дәрігерлері мен ем алушылар өзара байланысты қуанышпен қабылдап, алғыстарын айтты. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Жалпы саумал табиғи, құрамында дәрумендері өте көп сусын. Ол әсіресе, өкпені сауықтырып, ағзаның ауруға қарсы иммунитетін нығайтады. 

Сонымен қатар, аудандағы демеушілердің қолдауымен 500 дана «Парацетомол» дәрісі аудан орталығындағы дәріханалар алдында тұрғындарға тегін таратылды. Оның 100 данасы Ленгір қалалық ауруханасына берілді. Айта кетейік, алдағы уақытта да аудандағы осындай игі үрдістер жалғасатын болады.

Жалпы Түркістан облысында пандемия кезінде науқастарға, тұрмысы төмен отбасыларға, медициналық мекемелерге көмектесу жұмыстары жалғасып келеді. Өңірде кәсіпкерлер тарапынан  ауруханаларға өкпені жасанды желдету аппараттары  алынуда. Осындай игілікті шаралардың басы-қасында ерікті жастардың жүргендігі қуантады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер