«Игіліктің» игілігін көргендер көп

030.png

Түркістан облысы Түлкібас ауданында мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіп ашатын шаруалар қатары көбейіп келеді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Мәселен, «Игілік» бағдарламасымен несие алып, мал өсірумен айналысатын тұрғындар саны артуда. Соның бірі, Түлкібас ауданына қарасты Қараағашты ауылының тұрғыны Талғат Айдарқұлов. Жылқы өсірумен айналысатын кәсіпкер «Игілік» бағдарламасы аясында кәсібін кеңейткен. Мемлекеттен қолдау арқылы 10 жылқы сатып алған. Бүгінгі таңда 10 жылқыдан тәулігіне 15 литр қымыз баптап, литрін 500-700 теңгеден саудалауда. Сондай-ақ, ауданда үй іргелік қоралардан бөлек 10 ірі, 12 ұсақ шаруа қожалық жылқы сүтін өндеп, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Ауданда осы салаға бейімделген «Таң нұры» саумалмен емдеу орталығы бар. Сауықтыру орталығы - тыныс алу жолдары, қан құрамындағы қант мөлшерін түсіру және невралогиялық ауруларға қарсы ем-домдар жасайды. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда сауықтыру орталығы 84 адамды қабылдауға қауқарлы болса, қайта құрылымдау жұмыстары аяқталғаннан соң қосымша 60 адамға арттыруды жоспарлап отыр.

Таулы аймақта алма бауын дамыту жылдан жылға қарқын алып келеді. 2020 жылға жеміс-жидектің көлемі 3335 гектарды құраған. 2020 жылы 100 га жерге алма отырғызу жоспарланса, бүгінгі таңда 78 гектар жерге орналастырылды. Жалпы биылғы жылға жоспарлаған 100 гектар алма баудың 50 гектары қарқынды бау болмақ. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер