Пневмониямен ауырған аналар дәрігерлердің арқасында аман-есен босанды

 31.png

Түркістан облыстық №3 перинаталдық орталығында орта есеппен күніне 25, жылына 10 мыңға жуық ана босанады. Пандемияға байланысты жүкті әйелдер  дәрігер қарауына жиі түсуде.  Солардың бірі - 28 жастағы Ақбота Бименова. Болашақ анадан диагностикалық тексеріс нәтижесінде екі жақты полисегментарлы пневмония түрі табылды. 

Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, тыныс алу жолдарының нашарлауына байланысты жүкті әйелге кесарь тілігімен жедел ота жасалып, нәресте 31 аптада аман-есен туылды. Мерзімінен бұрын босандырғанына қарамастан, ана мен баланың жағдайы қалыпты. Ананың тыныс алуы мен өкпе қабынуы отадан кейін жақсарған. Әйел провизорлық бөлімде протоколға сай ем қабылдауда. 

Ал 32 жастағы Мансая Муйдинова екі жақты төменгі бөлікті пневманиямен жансақтау бөліміне түскен. Облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері жүкті әйелдің жағдайын қатаң бақылау алып, мерзімінен бұрын 32 аптадан асқанда босандырып алады. Тыныс алу жолдарының қабынуы ананың жағдайын қатты қиындатқанымен, нәресте дүниеге аман-есен келеді. Босанғаннан кейін жас ана емделу үшін провизорлық стационарға жатқызылды. Дәрігерлер тарапынан тиісті шаралардың барлығы да жасалып, ана мен баланың жағдайына сай ем-дом қабылдануда.

Бүгінгі ұрпақ- еліміздің ертеңі. Ана мен баланың жағдайына панадемия кезеңінде аса назар аударып келе жатқан Түркістан облыстық №3 перинаталдық орталығының дәрігерлері әрбір ана мен баланың болашағы үшін күресіп келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер