Біріккен араб әмірліктерінің көмегі Сарыағашқа жетті

Медицинская маска: требования к медизделию - Жираф Медикал Групп

Түркістан облысы әкімдігінің үйлестірумен карантин кезінде мемлекет тарапынан емдеу мекемелеріне қажетті көмектер жан-жақты көрсетілуде. Тіпті өңірге шет елдерден де дәрі-дірмектер мен қөорғаныш заттары жеткізілуде. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қайырымдылық көмектер 35 медициналық мекемеге таратылуда. 

Жүктің ішінде қажетті дәрі-дәрмек, медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныш заттары, медициналық бетперде, қолғап, антисептикалық құралдар бар. Көмек COVID-19 вирусына қарсы алдыңғы шепте күресуші қызметкерлер мен емделушілерге беріледі.

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына жеткізілген қайырылымдылық жүгін арнайы мониторинг тобы мен «Сарыағаш-адалдық алаңының» өкілдері қарсы алып, қабылдап алды. Біріккен араб әмірліктіері тарапынан індетті тоқтату мақсатында жіберген көмекті діттеген жеріне жетуін қамтамасыз етті. 

Індет тараған кезден бастап Түркістан облысына ҚХР, Ресей, БАӘ, Жапония, Түркия, Оңтүстік Корея, Катар, Өзбекстан, Грузия және көптеген басқа да елдерден, ДСҰ сияқты халықаралық ұйымнан қайырымдылық көмек келген. Коронавирус пандемиясымен күресте қажетті қор жеткілікті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер