Түркістанда аргеологтар аса құнды тарихи орында тапты

72.jpg

Көне Түркістанның орнынан керуен сарайы, мектеп пен қыш бұйымдары цехы табылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағынан тарихи нысандар тапқан архелогтар, бұл әлемдік сенсациялық жаңалық екенін мәлім етті. Ескі Түркістан қаласының көне шахристанынан XVIII-XIX ғасырларға тән керуен сарай, монша, керамикалық цех, мектеп орындары және Жеті ата қақпасына дейінгі ортағасырлық магистралды көше бойынан хандардың намаз оқитын жеке бөлмесі мен әскери мұнаралар, қонақ қабылдайтын бөлмелер табылған. Тәкия қақпасының жанынан табылған үлкен керуен сарайда – құжаттар мен бағалы заттар сақтайтын арнайы қуыстар, қабылдау бөлмесі, ауласы мен қоймалары, керуеншілер тұратын бөлмелері, намазханасы, «мүричә» деп аталатын бір бөлмелі моншасы бар.
«Зерттеу жұмыстары кезінде көне Түркістанда алғашқы мектеп табылды. Мектеп ауласы ұлдар мен қыздарға арналып, екіге бөлінген. Сондай ақ, Қазақстанда алғаш рет қыш ыдыс жасайтын цех табылды. Үлкен көлемдегі қыш (керамика) бұйымдар шығаратын орынның анықталуы сенсациялық оқиға деуге болады. Ясауи кесенесі аумағында орналасқан қыш бұйымдарын дайындайтын кең ауқымды кешенде саз илейтін, ыдыс-аяқ жасайтын, кептіретін, күйдіретін, сақтайтын орындардың барлығы қарастырылған»,-дейді «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми қызметкері, археолог Марат Тұяқбаев.
Шахристаннан табылған кішігірім монша құрылысы бірнеше бөлмелерден тұрады. Су резервуары сияқты – сардоба да сақталған. Ерекшелігі құрылыстан бөлек қызметкерлер үшін арнайы бөлмелері бар. Емдік қасиеті бар тұнбалар дайындайтын ванна сияқты ыдыс та сақталған.
Археологиялық қазба жұмыстары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің даму тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылуда. Зерттеу жұмыстарымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің тарихшы, ғалым, археолог мамандары айналысып келеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер