Карантин талабын бұзғандарға 85 млн теңге айыппұл салынды

95.jpg

Карантин кезінде қызметін қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілері міндетті түрде www.infoKazakhstan.kz сайты арқылы санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алуы қажет. Түркістан облысында аталмыш электрондық портал арқылы қызметін қайта бастауға бір аптаға жуық уакыт ішінде 3856 кәсіпкерден өтініш түскен. Оның ішінде 2873 нысанның қызметіне рұқсат берілді. 454 өтініш кері қайтарылып, 529-ы қаралуда.
Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану нысандары, автосалон, балаларға білім беру мекемелері мен бірқатар бизнес нысандарында шектеулер жеңілдетілді. Алайда, пандемиямен күресте қауіпсіздік талаптарына барынша жауапкершілікпен қарау өте маңызды. Сол себепті күшейтілген санитарлық - дезинфекциялық талап сақталады.
Облыста коронавирусты инфекцияның алдын алу мақсатында 73 мобильді топтармен Түркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары бірлесіп жеке кәсіпкерлік нысандарға бақылау жүргізеді. Елдегі карантиндік шаралар басталғалы мобильді топтармен жүргізілген рейд жұмыстарының нәтижесі бойынша 14 мың 388 нысан тексеріліп, карантин талаптарын бұзған 2329 нысан анықталды. Жалпы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1634 хаттама толтырылып, 85 млн 867 мың 980 теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның тең жартысы өндірілген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер