Кентау қаласы табиғи газбен толық қамтылады

96.jpg

Түркістан облысы, Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс бірнеше кезеңмен жүзеге асуда. Кеншілер қаласын газдандыру жұмыстарына облыс әкімі ерекше назар аударып келеді. Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен арнайы жұмыс жоспары бекітіліп, қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгінде шаһардағы 10 көпқабатты тұрғын үй мен 800 жеке тұрғын үйлерге газ құбырын тартылуда. Жоғарғы қысымды газ құбыры қала мен Ескі Иқан ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша казіргі таңда мердігер тарапынан құжаттар өткізіліп жатыр. Былтыр мұнда бірнеше мердігер мекеме құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізген.

Кентау қаласына қарасты Шаға, 30 жылдық Қазақстан, Бершінтөбе, Шоқтас, Ибата, Ойық елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы арқылы жүргізілуде. Сонымен қатар құрылысы жүргізіліп жатқан 10 көпқабатты тұрғын үйге газ жүйесі тартылып жатыр. Алдағы уақытта қосымша 40 көпқабатты тұрғын үйді жылу қазандығы орнатылады.

Түркістан облысында биыл 154 мың тұрғын табиғи газбен қамтылады. Былтыр өңірдің 1,1 млн. халқы немесе 57 пайызы табиғи газбен қамтылса, ағымдағы жылы 1,2 млн тұрғын немесе облыстың 64 пайызы табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. 3 жылдық іс-шара жоспары бойынша, қосымша 92 елді мекен немесе 49 мың халықты табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер