Жылына 800 тонна өнім беретін жылыжай биыл іске қосылады

01-3.jpg

2020 жылдың 8 айында 17 млрд 333,5 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген Түркістан облысының Бәйдібек ауданында жалпы аумағы бес гектарды құрайтын жылыжай биыл іске қосылады.

Жамбыл ауылында "Бақыт-Ислан" ЖШС-і заманауи озық үлгідегі жылыжай кешенін салуда. Құны 750 млн теңге құрайтын жылыжайдың жылдық қуаттылығы 700-800 тонна деп жоспарланған. Былтыр тамыз айында құрылысы басталған жоба биыл толық аяқталып іске қосылса, кешенде 60 адам жұмыспен қамтылатын болады.

01-1.jpg

Бұдан бөлек, аталған жылыжай кешенімен іргелес жатқан «Бекет Тынысбаев» серіктестігі 2013 жылдан жылыжай кешенімен айналысып келеді. Бұл аудандағы алғашқы құрылған жылыжай шаруашылығы. Жалпы аумағы 50 сотық. Онда қазіргі таңда 12 адам жұмыс істейді. Жылына 2 өнім алады. Алғашқы өнімге қызанақ егіп, 50 сотық жерден 48 тонна өнім алған. Оны серіктестік иесі Амина Сыздықова аудан мен Шымкент қаласына 150 теңгеден саудалаған.  Екінші өнімге қияр еккен. Жылыжай жылына 70 тонна өнім алып отыр.

Айта кетерлігі, Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы саласында 2539 құрылым бар. Атап айтқанда, 2161 шаруа қожалық, 128 өндірістік кооператив, 249 жауапкершілігі шектеулі кәсіпкерлік жұмыс істейді. Жалпы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 539 129 гектар. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер