Отырарда абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

1-1.jpg

Түркістан облысының Отырар ауданда ағымдағы жылы алты нысанда абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінге дейін абаттандыру жұмыстарының басым бөлігі аяқталған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы Ұланбек Арғынбеков даңғылындағы екі шақырым жуық жол бойы мен Шәуілдір ауылы Ұланбек Арғынбеков даңғылы (Шәуілдір-Арыстанбаб автокөлік жолы бағыты) 1,77 шақырым аралықта абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүруде. Абаттандыру жұмыстарын жүргізу барысында аяқ жол және веложол салу, бастырма, жарықшамдар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері, қоршаулар орнату жұмыстары да қоса атқарылды.

 Сонымен бірге, Шәуілдір ауылы, Жібек Жолы даңғылы бойындағы «Даңқты бабалар саяжолы» нысаны мен «Қасірет Мемориалы» аллеясына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, гранит тақталар, брусчатка, травертин төсеу, жарықшамдар, қоқыс жәшіктері, орындықтар орнатылған.

Бұдан өзге, Жібек жолы даңғылын абаттандырудың келесі кезеңдеріне сай  суландыру жарықтандыру, автотұрақтар, аяқжолдар орнату жұмыстары жыл соңына дейін жүйелі түрде жүргізілмек.  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер