"Turkistan bike” қызметіңізге әзір

2.jpg

Түркістан қаласында тұрғындардың  бұқаралық спортпен айналысуына барынша жағдайлар жасалуда. 

-Қала әкімі Рашид Аюповтың бастамасымен түркістандықтар күнделікті жүгіру, велосипед айдау сынды бұқаралық спортпен айналысып жатыр,-деп хабарлады Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қаладағы теннис орталықтары, веложолдар, футбол алаңдары және басқа да спортпен шұғылдануға арналған орындардың бос тұрғанын алға тартқан Рашид Абатұлы бұқаралық спортты дамыту бойынша "Спортты дамыту бөліміне" тапсырма берді. Осы мақсатта, күнделікті іс-шара жоспары түзілді. Қатысуға ниетті азаматтар болса, төменде көрсетілген нысандар аумағында велосипед тебуге қатыса алады. Түркістандықтар мен қала қонақтары  жеке велосипедімен немесе жеке куәлік арқылы келісімшартқа отырып "Turkistan bike” велосипедІн ақылы түрде пайдалана алады.

Былтыр халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Өскелең ұрпақтың спорттық және шы¬ғар¬машылық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Қаржы тапшылығы кезінде мемле¬кет бюджеті есебінен кәсіби спорт клуб¬тарын толықтай қамтамасыз ету¬дің қажеті жоқ. Мемлекеттің және квази¬мем¬лекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалуда. Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет,-деген болатын. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер