Сайрамда қызметтік пәтерлер салынуда

4.jpg

Былтыр халыққа арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

-Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен, баспана мәселесіне тікелей байланысты. Нарық жағдайында тұрғын үйдің қолжетімділігі адамдардың табысына және осы міндетті өздігінен шеше алу қабілетіне орай жүзеге асады. Өз бетінше баспана мәселесін шешуге табысы жетпейтін азаматтарға тиімді әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. Биылдан бастап «5-10-25» бағдар¬ламасы жүзеге асырылуда. Оған 390 миллиард теңге бөлінді. Үкімет осы бағдарламаның жүзеге асырылу барысын үнемі қадағалап отыруы керек,-деген болатын. 

Өңірлерде баспана мәселесін шешу кадрлық мәселеге де оң септігін тигізеді. Осы мақсатта Түркістан облысында  2017 жылы қызметтік тұрғын үйлер салу қолға алынған болатын. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Сайрам ауданы Ақбұлақ елді мекенінде сол жылы қызметтік пәтерлердің құрылысы басталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабараулынша, екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үйдің аяқталуға жақын қалған құрылысын аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков  аралап, көріп қайтты. «NK Building» ЖШС мердігер мекемесі нысанды жоспарға орай биыл тапсырады деп жоспарланып отыр. Бұл білікті кадрларды жұмысқа тартуға, жұмыс сапасын арттырудың тиімді әдісі болмақ.

Айта кетейік, Сайрам ауданында тұрғын үйге кезегіне тіркелген азаматтардың жалпы саны – 1934. Оның  330-ы мемлекеттік және әскери қызметтегі азаматтар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер