Азық-түлік белдеуінде ірі жобалар жүзеге асуда

6.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы азық-түлік белдеуінде іске асырылып жатқан жобалармен танысты. Облыс басшысы «Түркістан Агро ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «1 200 басқа арналған заманауи тауарлы-сүт фермасы құру» жобасының құрылыс алаңында болды. Заманауи тауарлы сүт фермасының құрылыс жобасы италияндық «Rota Guido Srl» компаниясымен әзірленген. Жалпы құны 6,4 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі таңда «Fortebank» арқылы қаржыландыру күтіліп отыр. Серіктестік өз қаржысы есебінен құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Ферманың мал ұстау орнының қабырғасы тұрғызылды. Жоба толық іске қосылғанда, жылына 10 мың тонна сүт өндірілетін болады. Жұмыстың баяу жүріп жатқанын айтқан облыс әкімі құрылысты ширатуды тапсырды.

Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған серіктестікте сүт фермасын мал азықтық дақылдарымен қамтамасыз ету үшін 2019 жылы 733 гектарға АҚШ-тың «T-L» компаниясының 18 бірлік жаңбырлатып суару машиналары орнатылып, жылына бір алқаптан 2 рет өнім алынып отыр. Бұдан бөлек 26 бірлік заманауи ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Өткен жылы егілген күздік бидайдың шығымдылығы жақсы. Аталған егістікті шілде айының ортасында орып алып, екінші өнімге жүгері дақылын егу күтілуде. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер