Қадағалау жұмыстарына еріктілер тартылды

14.jpeg

Түркістан қаласындағы тазалық жұмыстарының кестеге сай орындалып, нәтижелі атқарылуы үшін қоғамдық жұмыс арқылы ерікті 22 жас тартылды. Аталған шешім қала әкімі Рашид Абатұлының төрағалығымен өткен лездемелік мәжіліс кезінде айтылған болатын. Қала аумағындағы қоғамдық орындардың тазалығын қадағалап, тиісті мекемелерді құлағдар етіп, қолайсыздықтардың алдын алу мақсатында "Түркістан - таза қала" аясында жүзеге асырылған бастамаға жетекші болып табылатын азаматтар "Халықты жұмыспен қамту орталығы" арқылы ақылы жұмыс істейді. 

Түркістан қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі" тарапынан аталған істі жүргізу үшін қала 34 секторға бөлініп, Б. Саттарханов даңғылы, Түркістан Халықаралық әуежайы аумағы, Рухани-мәдени орталық пен Әкімшілік-іскерлік орталық аумағындағы әрбір нысан жеке қадағаланады.

Қазірде жұмыстар қарқын алған. Бүгінгі күннің өзінде қураған ағаштар, көгал аумағына шашылған қоқыстар, суару жүйесінің істен шығуы бойынша ақпараттар фото арқылы жіберіліп, 109 - Бірыңғай байланыс орталығы мен жауапты мекемелерге жолдануда. 

Одан өзге, аталған бастамаға қала кәсіпкерлері де оң көзқарас танытып, "Бизнесті қолдау және туризм бөлімімен" бірлесіп, қолғабыс етпек. Сонымен қатар, еріктілер мен ақсақалдар да аталған бастамаға көмек көрсетуге ниетті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер