Былтыр халыққа арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
-«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мем¬лекет» құру тұжырымдамасы. Азамат¬тардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жә¬не әділ шешім шығару қажет,-деген болатын. Жуырда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев азаматтардың талап-тілегін тыңдап, сол бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өмірзақ Шөкеев карантин шараларын ескере отырып, облыс тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдады. Әкімнің жеке қабылдауына өз мәселесімен 10-нан астам азамат қатысты. Облыс басшысының қабылдауына жазылған облыс тұрғындарының басым бөлігі жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді. Айта кетейік, облыс әкімі карантин басталғаннан бері азаматтарды онлайн қабылдауды тоқтатқан емес.
Қашықтықтан өткен қабылдауда облыс тұрғындары тұрғын үй, жер, әлеуметтік және инфроқұрылым, шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселесін көтерді. Түркістандықтардың өтініштерін тыңдаған Өмірзақ Естайұлы көтерілген мәселелер қолданыстағы заң аясында қаралып, көмек көрсетілетінін түсіндірді.
Облыс әкімінің қабылдауына жазылған Түркістан қаласының тұрғыны анасының қатерлі ісік ауруына шалдығып, төсек тартуына байланысты жаялық және азық-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде өтінішін жеткізді. Аталған азаматшаға атаулы әлеуметтік толық төленген. Кепілдендірілген әлеуметтік топтама, қайырымдылық қор тарапынан азық-түлік себеттері берілген. Арнайы комиссиясының қорытындысы негізінде оңалтудың жеке бағдарламасы бекітілмегеніне байланысты, міндетті гигиеналық құралмен қамтамасыз ету қаралмаған. Облыс басшысы азаматшаның өтінішін орындауды Түркістан қаласының әкіміне жүктеді.
Өмірзақ Шөкеев түркістандықтардың ұсыныс-шағымдарын жеке бақылауына алып, жауапты тұлғаларға әр азаматтың мәселесін жіті талдап, заң аясында шешуді міндеттеді.