Түркістанның шекарасы үкіметте талқыланды

8 (2).jpg 

Үкіметтің 25 қараша 2020 жылғы №793 Қаулысына сәйкес, Түркістан мен Кентау қалаларының шекараларын өзгерту туралы Қаулы жобасы Үкіметте талқыланып, дауыс берілді. 

Түркістан қаласының жаңа Бас жоспары негізінде, бүгінгі таңда қала аумағына Кентау қаласының әкімшілік аумақтық бағыныстылығына берілген жерлерден 4831,86 гектар және Түркістан қаласы аумағынан Кентау қаласына 4716,29 гектар жер беру көзделген. Атап айтқанда, Түркістан Халықаралық әуежайы, Яссы, Үшқайық, Қарашық, Ораңғай және Шаға ауылдық округтерінің ауылшаруашылық жерлері Түркістан қаласының аумағына өтеді. Сонымен қатар, аталған ауыл округтеріне шекаралас қала жерлері ауыл округтеріне өткізіледі.

Бұл бағытта «Түркістан облысының Түркістан және Кентау қалаларының шекараларын өзгерту туралы» Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан облыстық маслихатының бірлескен қаулыларының жобасы әзірленіп, шешім қабылданған болатын. Осы қаулы жобасын қабылдау Түркістан қаласының жер аумағын бекітілген Бас жоспарға сәйкестендіруге, қаланың шекара аумағына енгізіліп отырған жерлерді сәулет және қала құрылыстық құжаттамаға сәйкес пайдалануға, қаланың экономикалық ахуалын жақсартуға ықпалын тигізеді деп күтілуде. 

Айта кетейік, Қаулы жобалары Қазақстан Республикасының Әділет, Ұлттық экономика, Қаржы, Ауыл шаруашылығы және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен келісілген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер