«Сарқырама» су қоймасы салынбақ

7.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр халыққа арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығында суландыру жүйесіне баса мән беруді, осы салаға жаңа технологияларды қолдануды тапсырғаны белгілі. Осы тапсырмаға сәйкес Түркістан облысы Бәйдібек ауданында «Сарқырама» су қоймасы салынады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа жобаның құрылысы Ақбастау ауылдық округі аумағынан өтетін Бөген өзені бойынан жүргізіледі. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бәйдібек ауданына барған жұмыс сапарында «Сарқырама» су қоймасы салынатын орынға барып, маңызды мәселені сала мамандарымен бірге талқылады. Облыс басшысы су қоймасының сыйымдылығын 50 млн текше ұлғайтуды ұсынды.

Түркістан облысының әкімі Бәйдібек ауданындағы бірқатар нысанды аралап, қарияларымен кездесті. Сапар барысында Мыңбұлақ ауыл округіне қарасты Қосбұлақ ауылында жаңадан бой көтерген 150 орындық мектепте болды. Заман талабына сай салынған нысан, биылғы жылдың тамыз айында ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Жаңа мектептің құрылысы екі жыл бұрын басталған. 150 орындық мектепте балалардың жан-жақты оқып-жетілуі үшін барлық жағдай жасалынатын болады.

Аймақ басшысы мал шаруашылығын дамыту бойынша енгізілген жаңа технология арқылы «Ақылды жайылым» жұмысымен танысты. Бәйдібек ауданы Жамбыл ауылындағы «Молшылық» шаруа қожалығы он жылдан бері мал шаруашылығымен айналысады. Жайылымдық жерді тиімді пайдаланудың жолы - ақылды жайылым. «Ақылды жайылым» жобасы аясында күннен энергия алатын құрылғымен энергетикалық қоршау жасалынған. Төрт түлік сол қоршаудың ішінде ғана жайылады. Бұл шағын жерді бірнеше бөлікке бөліп, малдың кезек - кезек орнын ауыстырып, жайылымдық жерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер