Жалғызбасты анаға баспана сыйлады


11.jpg

Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны жалғызбасты анаға 5 бөлмелі үйді сыйға тарты. Екі қыз өсіріп отырған Назгүл Шадманова баспанаға қол жеткізе алмай келе жатқанына бірнеше жыл болған. Тағдырдың тауқыметін тартқан ана жомарттық танытқан азаматқа шексіз алғысын білдірді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

«Мен Жетісай қаласындағы орталық базарда аула сыпырып қыздарымды асырап отырмын. Тапқаным пәтерақы мен азық-түліктен артылмайды. Мұндай жағдаймен қашан үйлі болады екенмін, қалай перзенттерімді өзгелерден кем қылмай өсіремін деп уайымға салынатынмын. Міне, бүгін үйлі болып, күтпеген қуанышқа кенеліп отырмын. Тіпті, ішіндегі үй жиһаздары мен азық-түлігіне дейін беріп отыр. Енді бар тапқанымды қыздарымды тарықтырмай өсіруге барымды саламын. Игі іс жасап отырған азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ», – деді Н.Шадманова.

Қайырымды істің бастамашысы болған «Нәр-Тамшы» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Ермахан Рахматулла. Ол бұған дейін 10-ға жуық отбасыға баспана тарту еткен.

Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында 80 гектар жерге 200 пәтерлі 6 көпқабатты үй салынуда. Жыл соңына дейін бірқатар үйдің құрылысы аяқталып, ондағы пәтерлер баспана кезегінде тұрған аз қамтылған отбасыларға үлестірілетін болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер