Шақпақ-бабада ауыз су мәселесі шешіледі

20.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясында 2050 жылға қарай Қазақстандағы ауыз су проблемасын толықтай шешуді тапсырғаны белгілі. 

Осы мақсатта Түркістан облысы Түлкібас ауданына қарасты Шақпақ-баба елдімекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Ауданда 28 шақырымнан астам ауыз су құбыры толығымен жаңартылатын болды. Бүгінге дейін тіршілік көзін кестемен тұтынып келген 621 отбасыға енді тәулігіне 24 сағат су берілетін болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұл мәселе аудан әкімі Нұрлан Байғұттың Шақпақ ауылдық округі тұрғындарының алдында өткен жылы атқарылған жұмыстары туралы берген есебі кезінде көтерілген болатын. Нәтижесінде аудан басшысы аталған елдімекеннің ауыз су мәселесін жеделдетіп шешуді тиісті сала мамандарына тапсырған.

Аудан басшысы құрылыс нысанының басына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жауапты басшыларға және мердігер мекемеге жоспарды сапалы түрде орындалу керектігін ескертті. Құрылыс басына жиналған ауыл ақсақалдары халықтың айтқан өтінішіне құлақ асып, ел мүддесі үшін қызмет етіп жүрген азаматтарға алғыстарын білдірді. Айта кетейік, бұл нысанның құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толығымен аяқталып, ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер