Түркістанда фотокөрме өтті

21.jpg

Түркістан қаласында «Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне» орай өңірдің сәулет, археология ескерткіштері мен киелі орындары қамтылған көрме өтті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Шараның өтуіне облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану орталығы ұйытқы болды. Шараның мақсаты - тарихи-мәдени нысандарды насихаттай отырып, ескерткіштерді қорғау жайында тұрғындарға ақпараттандыру-ағарту жұмыстарын жүргізу.

Археологиялық ескерткіштермен қоса киелі орындардың фотосуреттері қойылған көрме қала әкімдігінің ғимараты алдына және цитадель қақпасына баратын аяқжол алаңқайына қойылды. Көрмені тамашалаған қала тұрғындары мен қонақтары суреттерді қызықтай жүріп, ескерткіштерді қорғау саласында атқарылып жатқан шаруалармен танысты.

Түркістан облысында 1 нысан «ЮНЕСКО» шеңберіндегі халықаралық маңызы бар ескерткіштер санатына жатса, 31 нысан республикалық маңызы бар, 423 нысан жергілікті маңызы бар ескерткіш саналады. Айта кетейік, тарихи-мәдени ескерткіштерді бүлдіру, қасақана жою әрекеттері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сай 10 АЕК-тен бастап, 250 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соқтырады. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексiнің талаптарына сай 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартуға жеткізуі мүмкін.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер