Демеушілердің көмегімен «көгілдір отынға» қол жеткізді

6.jpg

Сайрам ауданы Арыс ауылдық округі  әкімдігінің ұйымдастыруымен және «КАЗТРИОКОМ» жауапкершілік шектеулі серіктестіктің демеушілігімен әлеуметтік аз қамтылған мүмкіндігі шектеулі азаматтың тұрғын үйіне газ пеші орнатылып, табиғи газбен қамтылды.

Отбасы мүшелеріне орнатылған қондырғыны пайдалану ережесі және сақтық шаралары түсіндірілді. Отбасының қуанышында шек жоқ.

Сондай-ақ алдағы уақытта демеушілер көмегімен тағы бірнеше отбасылардың үйлеріне газ пештері орнатылмақ. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сайрам аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлім басшысы тарапынан "Ауыл - ел тірегі" атты он күндік іс шарасы барысында, Қарамұрт ауылдық округі әкімі аппаратында жергілікті тұрғындармен жеке қабылдау өткізілді. Жеке қабылдау барысында тұрғындардан туындаған, атап айтқанда аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету және электр жарығы мәселесі бойынша сұрақтарға заңға сәйкес толық жауаптар берілді. Осындай іс-шаралар Қарамұртта әлі жалғасып жатыр. 

Айта кетері, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Ауыл – Ел тірегі» жобасының кезекті онкүндігі Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округінде бастау алды. 16 мың тұрғыны бар Қарамұрт ауылдық округінде осы он күнде 112 іс-шара өткізу жоспарлануда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер