Жоба аясында киелі орындар зерделенді

7.jpg

Сайрам ауданы әкімінің бастамасымен «Ауыл ел тірегі» жобасы аясында ауылдық округтердегі он күндіктер Қарамұрт ауылында жалғасын табуда. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қарамұрт ауыл округіндегі тарихи-мәдени орындарының жағдайымен тереңірек танысып, мәдениет басқармасына ұсыныс беру жұмыстары жоспарланған болатын. Осы мақсатты орындау мақсатында Қарамұрт ауылының кейбір тұрғындары ғана білетін, Сайрам ауданы халқына беймәлім біршама киелі орындар зерттеп зерделенді. Солардың бірі Жаныс баба кесенесі – сәулет өнері ескерткіші. Сайрам ауданының Қарамұрт ауылында. Дулат тайпасынан шыққан шешен, талантты қолбасшы және ел басқарған көсем Жаныс бабаның басына арнап кесене 2004 жылы тұрғызылды (сәулетшілер тобының жетекшісі А.Әзімбаев). «Жаныс бабаның ақжал арыстандары болған» деген ел аузындағы аңызға сәйкес, кесененің кіре берісіне қоладан құйылған айбатты қос арыстан бейнесі орнатылған. Кесененің табанынан ұшар басына дейінгі биіктігі – 27 м, шаңырақтағы күмбезінің шеңбері – 9 м. Кесененің пештағы Жаныс баба тәу еткен Тәңіртаудың шыңдары тәріздес үшкілденіп безендірілген. Қас бетінде «Жаныс баба» деген жазу және таңбасы бар. Кесененің ішкі жағы сегіз қырлы (сегіз қанатты) болып салынған. Бұл Жаныс бабаның сегіз баласының болғанын меңзейді және әр қанатта сол аталардың шежіресі жазылып бекітілген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер