Карантин талаптары қадағалануда

8.jpg

Коронавирус індетіне қатысты эпидемиологиялық ахуал Түркістан облысында тұрақты болып келеді. Облыс әзірге «Жасыл аймақтан» шыққан жоқ. Бұл өңірде сақтық шараларын қатаң ұстану, алдын алу шараларын өз деңгейінде жүргізіліп келе жатқанын байқатады. Дегенмен арқаны кеңге салуға болмайды. Кейбір елді мекендерде карантин талаптарына бағынбай, отьасылық іс-шара һөткізіп, сол үшін тиісті жазаға тартылуда. 

Мәселен жуырда Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлының қатаң тапсырмасымен мобильдік топ жетекшілері карантин талаптарының сақталуына қадағалау жүргізді. Тексеріс барысында Құтарыс ауылдық округіне қарасты Ақарыс елді мекеніндегі Жүрсінбек ата көшесі бойында орналасқан "Адина" тойханасында Бәйдібек ауданының азаматтары жасырын түрде келін тойын өткізіп жатқаны анықталды.

Аудандық  мобильдік топ мүшелерінің талап етуімен 15:00- де той тарқатылды.

Той жасаушы және тойхана иелеріне карантин талаптарын өрескел бұзғаны үшін шара көру мақсатында құжаттар толтырылып, тиісті органдарға жіберілді.

Сайрам ауданында бойынша карантин режимі талаптарының сақталуы, қаулы талаптарының орындалуына мобильді топ мүшелері тарапынан кезекті іс шара жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, ауданда індетке қарсы вакцинациялау жұмыстары да белсенді түрде жүргізілуде. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер