«Ауылым-Ел тірегім» 10 күндігі аясында Сайрам аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен Сайрам аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірлесе отыра Қарамұрт ауыл округінде жеке қабылдау өткізілді. Жеке қабылдау барысында тамақтану орындары мен дүкендердің санитарлық қаулы талаптарын сақтай отыра жұмыс жүргізуі бойынша түсіндірме жұмыстары жасалды. Сонымен қатар Қарамұрт ауылының жеке кәсіпкері ЖК «Көксәйек» Ағаш аралас көмір брикеттерін: бұл кәуәп пен барбекю үшін ыңғайлы отынды өндіретін кәсіпорнының жұмыс барысымен танысты. Ауданымыздың 5 азаматын жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын кәуәп пісіруге арналған көмірлерін ауданымыздың дүкен сөрелерінен «SULTAN briket» атауымен табуға болады. Және айта кететін жайт кәсіпорын өндіретін өнім өңірімізде жоқ кәсіп түрі.
Кәсіпкерге мемлекеттік бағдарламалар мен алдағы уақытта жұмысын кеңейтуге несие алу мүмкіндіктерін, несие желісі мен талаптары, сонымен қатар «Бизнестің жол картасы- 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында инновациялық грант бойынша қолдау мен бизнесті дамыту бойынша толық түсіндірілді.
Айта кетері, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Ауыл – Ел тірегі» жобасының кезекті онкүндігі Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округінде бастау алды. 16 мың тұрғыны бар Қарамұрт ауылдық округінде осы он күнде 112 іс-шара өткізу жоспарлануда.