Сайрам ауданы аумағындағы ұлтаралық татулықты сақтау, сондай-ақ кез келген кикілжін оқиғаларды болдырмау, олардың алдын алу және жол бермеу бағыты бойынша өткізілген мекемеаралық мәжілісі өтті. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан прокуроры Д.Тлемисов төрағалық еткен мәжіліске аудан әкімі Ұ. Сәдібеков, Аудандық соттың төрағасы Қ. Дүйсебеков, ҰҚК-нің аудандық бөлімшесінің бастығы А. Абдраман, Аудандық ПБ-ның бастығы Б. Зиятаев, Аудан прокурорының орынбасары С. Тулендиев, Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А. Жақыпбеков, Қоғамдық келісім филиалының басшысы Б. Айтбаев қатысты.
- Ауданымызда ұлтаралық татулықты сақтау бойынша жұмысшы топ құрылды. Оның жетекшісі аудан әкімінің кеңесшісі болып бекітілді. Топтың жұмысшы органы болып аудандық ішкі саясат бөлімі табылады. Оның құрамына аудандық проуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция өкілдері қамтылды. Бүгінгі күнге жыл басынан бері түрлі мәселелер бойынша жұмысшы топтың 7 рет отырысы өткізілді. 2021 жылы ауданда өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен 8 тұрмыстық денгейдегі бұзақылықтар орын алған.,- деді өз баяндамасында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А. Жақыпбеков.
Сондай-ақ аудан басшысы Ұласбек Сәдібекұлы топты құрып қойып көзбояушылық жұмысты қою керек, жұмыс тобының негізгі мақсаты қарапайым халық арасында ауызбіршілікті, ұлтаралық татулықты, қандайда бір оқыс оқиғаларға жол бермеу, орын алған оқиғалар туралы құзырлы органдарға дер кезінде хабарлау қажеттілігін түсіндіруі керек ,-деп қорытындылады.