Жақында Түркістан облысы Шардара қаласында үздік қол күрес шеберлері арасында жарыс өтеді. Бұл туралы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы әрі ұйымдастырушы Арман Қарсыбаев ақпарат құралдарына берген сұхбатында айтты.
– “Shardara.armsport” және шетел спортшылары арасында өтетін жекпе-жекке Қазақстан мен шетелден кімдер қатысады. Толық айттып өтсеңіз?
– 29-30 мамыр күндері “Shardara. Armsport” клубының бес әлем чемпионы мен басқа мемлекеттен бес әлем әлем чемпионы күш сынасады. Канада, Өзбекстан, Грузия, Ресей және Латвиядан спортшылар келеді деп күтіп отырмыз. Ол қатысушылардың бесеуі де әлем чемпионы.
– Сайыстың мақсаты не? Көрермендер қатыса ала ма?
– Мақсатымыз – қазір әлемге танылған қол күресі спорты бойынша “Shardara.armsport” клубы мүшелері мен дүние жүзіндегі ең мықты спортшыларды жекпе-жекке шығару арқылы мүмкіндігімізді көрсету. Осы салада біздің қазақ елін таныту. Қазақстанның атын әлемге әйгілеу, Шардараның даңқын көтеру, таныту мақсатымен өткізіп жатырмыз. Көрерменсіз, барлық санитарлық талапты орындай отырып ұйымдастырамыз.
– Бұл бір реттік шара ма әлде болашақта тұрақты өткізіп тұру ойда бар ма?
– Оны уақытында көреміз. Болашақта тағы «Шардара VS Азия», «Шардара VS Еуропа» атты жарыстарды өткіземіз деген ниеттеміз.
– Егер құпия болмаса, жеңімпаздарға берілетін жүлде қоры қанша екенін айтасыз ба?
– Сайыс жеңімпаздарына Қазақстанның ұлттық нақыштағы сувенирлері, медальдар мен кубоктар беріледі. Демеушілердің көмегімен қомақты қаржылай сыйлақтар да табысталады.