Түркістан облысы Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай Қызылқұм ауылында болып Воркаут спорт алаңшасының салтанатты ашылуына қатысты. Шарада Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Д.Әбіш, Б.Серманизов, қоғам қайраткері А.Мамытбеков және аудандық мәслихат хатшысы А.Қарсыбаев болды.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, спорт алаңшасы Қызылқұм жалпы орта мектебінің 20 жылдық түлектерінің демеушілігімен салынып, пайдалануға берілді. Тұрғындар мұндай игі жұмыстар Қызылқұм ауылының мектеп бітіруші түлектерінің жыл сайынғы дәстүрлі шарасына айналғанын атап өтті.
" Қызылқұм жалпы орта мектебінің 20 жылдық түлектеріне игілікті іс жасап, « Воркаут » спорт алаңшасын салып , ұрпақты салауатты өмір салтын қалыптастыруға қосқан үлестері үшін шынайы алғысымды білдіремін. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қызылқұм ауылында жаңадан ашылып отырған спорт алаңшасы жастарымыздың дене тәрбиесімен, спортпен айналысуына, олардың шеберлігін арттыруға және одан әрі шыңдалуына жағдай жасайтын болады. 20 жылдық түлектерге зор денсаулық, отбасыларыңызга амандық жұмыстарыңызға табыс тілеймін"-деді. Қ.Жолдыбай. Сонымен қатар, түлектерді ұйымдастырып, демеушілік жасаған сол мектептің түлегі Аят Бектөреұлына Алғыс хат табыстады.
Сондай-ақ, салтанатты жиынға келген қонақтар ыстық лебіздерін білдіріп, туған жері үшін ізге жұмыс атқарып жүрген азаматтарға алғыс білдірді.