Сазгермен кездесу

14.jpg

Түркістан облысы Созақ  ауданының әкімі Салыхан Полатов ғалым- филолог, жазушы сазгер Яһуда Амандықовпен жүздесті. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігі хабарлады.   Кездесу барысында аудан әкімі туған жерге ат басын бұрған атпал азаматпен емен- жарқын әңгімелесіп, ауданда атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Алдағы жоспарлармен бөлісті. Өз кезегінде Яһуда Амандықов: 

«Туған жерге, ағайындарға сәлем бере келдім. Індет болғалы бері, елге келудің сәті түспеді. Елдің тыныс- тіршілігімен таныстым. Құшақ жая қарсы алған, азаматтарға рахмет»,- деп ықыласын білдірді. 

Кездесуден соң, Сұлтанбек Қожанов атындағы музейге барды. Музей директоры Ниязәлі Дүйсенбеков құнды жәдігерлермен таныстырып, жаңа ғимарат салынып жатқанын хабардар етті. 

Яһуда Амандықов- теріскейдің тумасы. Еңбек жолын туған жерінде бастап, жас кезінен әсем әндерімен танылды. Өзінің жетекшілігемен Созақ аудандық хор-капелласы 1975 жылғы Таллинде өткен халықаралық фестивальге қатысып, жүлдегер болды. Республикалық ұлт-аспаптар оркестрі “Отырар сазының”, Қазақ радиосының эстрадалық оркестрінің, Ішкі істер министрлігінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің репертуарларынан Яһуда Амандықовтың әндері 1978 жылдан бері түскен емес. Филология ғылымдарының кандитаты. Жамбылтанушы ғалым.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер