Түркістан полицейлері 91 жастағы қарт ананың құжатын рәсімдеп берді

Түлкібас  ауданы   Азаттық ауылының тұрғыны 91 жастағы Икаят Эралиева ҚР жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткен. Тәртіп сақшылары аталған жайтты бірден тіркеуге алып, құжат рәсімдеу мақсатында арнайы топ құрады.

image.png 

Нәтижесінде Түлкібас  АПБ-ның көші-қон қызметі тобының қызметкері полиция майоры  Нұрман Шыңғысбаев  аяулы ананың тұрғын үйіне барып, дайын болған құжаттарын рәсімдеп табыстады. Көңілі толған қарт ананың  ұлы  түлкібастық  полицейлерге өз алғысын білдірді.

 «Анамыздың құжатын рәсімдеуге үлкен көмек берген полицейлерге рақметімді айтамын. Еңбектеріңіз жана берсін!» -деп атап өтті. Дүниеге келгеніне 1 ғасырға жуық уақыт болған анамыз  Түлкібас  ауданында тұрады. Үш ұл, төрт  қыздан бүгінде 30 немере, 39 шөбере сүйіп отыр. 

 Түркістан облысының тұрғындары! Полиция департаментінің осы бағыттағы жұмыстары өз жалғасын таба бермек. Өздеріңіздің құқықтық мәртебелеріңізді айқындау бойынша сұрақ туындаған жағдайда, сіздер, тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша, Көші-қон қызметіне жүгінуіңізге болады! 

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алмас Кішкенбаев: Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу
  • Түркістанда бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшылары сотталды
  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер