Халықаралық дәрежедегі чемпион полицей Перизат қызметтестерін мерекемен құттықтайды

Полицей палуан Перизаттың бүкіл өмірі жаттығу залында өтуде. Спортты серік еткен жас қыздың жетістіктері мен түр-тұлғасына қарап, қазақтың батыр қыздары Әлия, Мәншүктің жалғасы дерсіз! Полицейлердің кәсіби мерекесі қарсаңында Перизат, барша әріптестерін құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Қоғамдық тыныштықтықты сақтауда халыққа қалтқысыз қызмет етіп, қашанда абырой биігінен көрінуге шақырды.

image.png

Перизат Нұрланқызы - бұған дейін талай жарыстарда топ жарған. Атап айтсақ, күрес түрлерінен Қазақстан Ұлттық Құрама мүшесі. 2008 жылдан бастап дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы атанған. Көптеген Республикалық, Халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Дзюдо күресінен ҚР чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы, Самбо күресінен ҚР чемпионатының 6 дүркін жеңімпазы атағын иеленген. 2017 жылы Астана қаласына өткен Әлем чемпионатында бар күш-жігерін салып, күрес тәсілдерін жоғары меңгергенін көрсетіп, жеңімпаз болған. Дәл осы жылы Түркіменстан елі, Ашхабад қаласында өткен Жабық кешеніндегі Азия ойындарының және аталған жарыста «белбеу», «алыш», «түркмен» күрестерінен жеңімпаз атанған. Қазан қаласында өткен әлем чемпионаттарында 2 орын иеленген. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен әлем біріншілігінің жүлдегері, оған қоса «белбеу» күресінен ҚР чемпионатының 6 дүркін чемпионы.

image.png

Бір сөзбен айтқанда, нәзік жанды Перизат бағы мен бабы келіскен нағыз мықты жан. Өз кезегінде біз де, Перизатқа жолың ақ болсын, әрдайым осылай жеңіс тұғырынан көрініп, қызметте өсе бер дегіміз келеді. Түркістан облысы Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағында кез келген адам қызмет етпейді. Сондықтан сенімді ақтап, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуіңе тілектеспіз!

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан полицейлері тұрғынның 13 миллион тұратын көлігін заңсыз айдап кеткен күдіктіні ұстады
  • Түркістан полицейлері қайтарымсыз ақша алып беремін деп алаяқтық жасаған әйелді ұстады
  • Түркістан облысында ауыр жүк көліктерінің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүр
  • Түркістан облысының полицейлері есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады
  • Түркістан полицейлері ұялы телефон жымқырған азаматты ұстады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер