Таза табиғат – туризмнің басты кепілі

image.png

Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Қоқыссыз болашақ» атты кең көлемді экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Табиғаты көркем өңірдің тазалығын сақтауға бағытталған акцияға аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлері, ауылдық округ әкімдіктері, еріктілер, белсенді жастар және жергілікті тұрғындар белсене қатысты.

Сенбілік барысында Киелітас және Алатау ауылдық округтері мен Ленгір қаласының аумағында санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Төлеби ауданының туристік әлеуеті жоғары Қасқасу ауылдық округіндегі «Сайрам Су» және «Eco Village» демалыс аймақтары, өзен жағалаулары қоқыстан тазартылып, демалушылар үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар атқарылды.

Төлеби ауданы – Түркістан облысындағы туризм қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Жыл сайын Қасқасу, Біркөлік, Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумағы мен өзге де демалыс орындарына мыңдаған турист келеді. Сондықтан табиғи аймақтардың тазалығы мен экологиялық жағдайын сақтау ауданның туристік тартымдылығын арттырудағы маңызды міндеттердің бірі саналады.

Осындай экологиялық акциялар арқылы өңірдің көрікті табиғатын сақтау ғана емес, туристерге жайлы әрі таза демалыс ортасын қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Бұл өз кезегінде ауданның туристік имиджін нығайтып, ішкі және сыртқы туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар Төлеби ауданында жүйелі түрде жалғасып келеді. Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған мұндай игі бастамалар өңірдің экологиялық мәдениетін қалыптастырумен қатар, туризм саласының тұрақты дамуына да берік негіз қалайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза табиғат – туризмнің басты кепілі
  • Экотуризмге инвестиция тарту жалғасуда
  • Төлеби – төрт мезгілдік туризмнің мекені
  • Төлеби туризмі жаңа серіктестікке жол ашты
  • Төлеби және Паркент: Туризм мен инвестиция саласындағы байланыстар нығаяды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер