Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады

Screenshot_4.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін қалалық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясында депутаттар алдында өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларының орындалуы жөнінде есеп берді. 

Әйтеновтың айтуынша, қалаға тартылған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,2 пайызға артып, 325 млрд. теңгеден асты.

«Мегаполис мәртебесін алған уақыттан қала бюджетінің көлемі 4 есеге артты. Биылғы жылдың басында бекітілген бюджет 388 млрд. теңге болса, қазір 491 млрд.  теңгеге жетті немесе бір жылдың ішінде қала бюджеті 103 млрд.теңгеге ұлғайды. Бюджеттің 45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталса,   25 пайызы – даму жобаларын құрайды», - дейді қала әкімі. 

Бұл көрсеткіштерден бөлек қалада білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, жұмыспен қамту секілді басқа салаларда да жетістіктер бар. 

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «Елдіктің жеті тұғырында» мемлекет Тәуелсіздігі, ұлт болашағы баяндалып, алдағы жұмысымыздың бағдары болып бекіді. Сіздер халықтың аманатын арқалаған өкілсіздер. Тұрғындардың талап-тілегін билікке жеткізіп, олардың тиімді шешімін табуына үлес қосып келесіздер. Бірлесе жұмыс жүргізуіміздің нәтижесінде Шымкент тұрғындар үшін өмір сапасы лайықты, жайлы қалаға айналып келеді», - деп М.Әйтенов өз сөзін қорытындылады.

Өз кезегінде халық қалаулылары атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алда тұрған мақсат-міндеттерді бірлесе жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер