Көшелер мен көшеттер сусамайды

Screenshot_4.jpg

Түркістанды  көгалдандыру үшін ең алдымен суландыру жүйесін жетілдіру керек.  Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев бұған дейін жаздың аптап ыстығында егілген ағаштар мен гүлдер, шалғындар қурап қалмас үшін  су жеткізу мәселесін шешу керектігін алға тартқан болатын.   Әкімнің қала басшылығына тапсырма бергеніне бір ай толмай-ақ Түркістанда кіші каналдар іске қосылып, ұңғымадан аққан су латоктарда сарқырап ағып жатыр.  Мәселен Қарашық өзенінен бастау алатын 5,2 шақырымды құрайтын Қотырбұлақ каналы тазаланып, 7 көпір орнатылды. Аталған каналдан қазіргі таңда 5-10 м3 су «Арыс – Түркістан» магистралды каналына құйылуда.

Сонымен қатар, қала аумағын суландыру мақсатында «Арыс – Түркістан» магистралды каналынан босатылатын кіші каналдарда іске қосылды. Атап айтқанда, ұзындығы 3,1 шақырым Р-32 каналы қалаға кіре беріс қақпаның төменгі жағындағы көшелерде бетондалған арықтарымен ағып, Саттарханов даңғылы бойындағы ағаштар суландырылуда. Сондай-ақ, ұзындығы 3 шақырымды құрайтын Р-33 каналы арқылы ағын су «Түркі бағы» және «Қаракөз» қорымы маңындағы егілген ағаштар суландырылуда.  Оған қоса Р-33,1 каналы арқылы Ғ.Мұратбаев көшесіндегі ирригациялық арықшаларға су босатылды. Ұзындығы 4,5 шақырымға жететін Р-34 каналы арқылы да Тәуке хан даңғылы мен С.Ерубаев көшелерін суландыруға толық мүмкіндік бар.

Аталған каналдар арқылы қаладағы көшелерді суландыру мақсатында барлық арық-атыздарды тазалау, жөндеу бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда. Сонымен қатар, жуық арада негізгі көшелердегі (С.Қожанов, Тәукехан, Б.Сатарханов даңғылдары) ирригациялық арықшалар қалпына келтіріліп, ағын су жүйесі іске қосылады. Қала бойынша 17 көшеде 2016-2018 жылдары қайта қалпына келтірілген ұзындығы 70,2 шақырым құрайтын ирригациялық арықшалар бар. Сондай-ақ, ағымдағы жылы орталық аймақтың 47 көшесіне 54,1 шақырым арықшалар орнатылатын болады.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер