Рекордсмен қожалық тәжірибесімен бөлісті

Screenshot_7.jpg

Ақ алтынды аймақ Мақтаралдың шаруалары жарап тұр. Жергілікті диқандар тамшылатып суару технологиясын жетік меңгеруінің арқасында мол өнімге қол жеткізіп отыр. Солардың бірі  «Весна» шаруа қожалығы гектарына 400 центнерден өнім алып, аудан бойынша рекорд орнатты.  Ол мұндай жетістікке тамшылатып суғару технологиясы арқылы қол жеткізген. Жақында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен семинар-кеңесте  қожалық басшысы Батыр Хайдаров жетістігінің құпиясымен бөлісті.  Семинарға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мамандары, ауылдық округ әкімдері мен орынбасарлары, ауылдық округ әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы бойынша мамандары және шаруа қожалықтары қатысты.

Б.Хайдаров  6,6 гектар жерге қырыққабат дақылының бірнеше сортын еккен. Оның ішінде «Пекин» сорты ерте пісіп шыққан. Қазргі таңда 2 гектардан 85 тонна өнім алып, барлығын да Ресей Федерациясына экспорттаған. Тамшылатып суғару технологиясын пайдаланған қожалық басшысы үлкен пайдаға кенеліп отыр.

 Мамандардың мәліметінше биыл Мақтаарал ауданында 281 гектар жерге қырыққабат дақылы егілген. Қазіргі таңда ерте пісіп жетілетін дақылдан 260 тонна өнім жиналған.

«Тамшылатып суғару технологиясын ендіру үшін гектарына 1 млн. теңгеге жуық шығын жұмсадым. Соның арқасында еккен егінім бітік әрі өнімді болып, ерте пісіп жетілді. Қазір қырыққабаттың келісін 120 теңгеден теңгеден саудалап жатырмын», – дейді Б.Хайдаров.

  Облыстың ауылшаруашылық және экономикалық саласын өркендетіп отырған осындай қожалықтардың еселі еңбегі көпке үлгі. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер