Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды

Screenshot_1.jpg

Шымкент қаласы мен Түркия Республикасының Адана қалалары арасындағы бауырластық келісім орнату бойынша іс-шара өтті. Zoom платформасы арқылы онлайн қол қою рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов пен Адана қаласының мэрі Зейдан Каралар мырза қатысты. 

Тараптар Шымкент пен Адана қалалары арасындағы сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, туризм, спорт, мәдени және әлеуметтік салалары арасында өзара ықпалдастық және ынтымақтастықты орнату бойынша екі жақты келісімге келді. 

Бүгінде Шымкент қаласында түрік инвесторларымен бірлесе 55 млн АҚШ долларына 6 жоба (аяқ киім өндірісі, алюмин профильдері, күнбағыс тұқымын қайта өңдеу және т.б) іске асырылған.

Қала әкімі М.Әйтенов екі жақты келісім іскерлік байланыстар орнатуға, бірлесе дамуға зор серпін беретінін атап өтті. Екі қала арасындағы барлық құндылықтарды сақтап, оларды дамыту және өзара байланыстарды нығайту тараптардың негізгі мақсаты болмақ. 

– Қалада қолайлы бизнес ахуалын дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Шымкент пен Адана қалалары арасында бауырластық қарым-қатынастың орнауы сыртқы экономикалық байланыстарға, кәсіпкерлік қызмет саласын кеңейтуге, қалалар арасындағы туристік ынтымақтастықты орнатуға үлкен серпін беріп, жалпы экономикалық деңгейдің артуына алып келеді. 

Бұл келісім екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға негіз болары сөзсіз, – деді қала әкімі. 

Кездесу соңында Шымкент пен Адана қалалары арасында екі жақты ынтымақтастық орнату меморандумына қол қойылды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
  • Әйтенов депутаттарға қалаға тартылған инвестиция жөнінде баяндады
  • Қала әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
  • Шымкент пен Адана қалалары арасында экономикалық және туристік келісімге қол қойылды
  • Қандастарға қаланың көрікті жерлері паш етілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер